352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ӘЧ-2018: Ресей құрамасын тізе бүктірген Уругвай А тобында көш бастады

  • 152
ӘЧ-2018: Ресей құрамасын тізе бүктірген Уругвай А тобында көш бастады Устинка LIVE

Футболдан Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатының А тобындағы Уругвай құрамасы Ресейді 3:0 есебімен ойсырата ұтып, топта бірінші орын алды.

Самарада өткен кездесуде уругвайлықтардың мысы басым болды. 10-минутта Луис Суарес айып добын сәтті орындап, есеп ашты. 23-минутта доп Денис Черышевтің аяғына тиіп, Акинфеев қорғаған қақпаның төрінен табылды. 36-минутта Игорь Смольников екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Нәтижесінде Ресей құрамасы кездесуді 10 ойыншымен өткізді. Уругвай құрамасының үшінші голын 90-минутта Эдинсон Кавани өз еншісіне жазып, әлем чемпионатындағы алғашқы голын соқты.

Оңтүстік Америкадан келген құрама топтағы үш ойында да жеңіске жетті. Египет пен Сауд Арабиясы құрамаларын 1:0 есебімен ұтты. Фернандо Муслера қорғаған қақпаға бірде-бір рет гол соғылған жоқ. Ал Ресей құрамасы 6 ұпаймен екінші орынды иеленді, деп жазады massaget.kz.

Хабар 24 телеарнасы