356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ӘЧ-2018: Мысыр - Сауд Арабиясы матчын жүргізіп отырған комментатор ойын кезінде көз жұмған

  • 145
ӘЧ-2018: Мысыр - Сауд Арабиясы матчын жүргізіп отырған комментатор ойын кезінде көз жұмған ont.by

Әлем чемпионатының А тобындағы Мысыр мен Сауд Арабиясы құрамаларының матчы кезінде мысырлық «Замалек» клубының бұрынғы бапкері, кейін спорт комментаторы болған Абдрахим Мухаммед Негма қайтыс болды. 

Комментатор осы кездесуді мысырлық телеарналдардың бірінде жүргізіп отырған. Алайда ойын кезінде Негманың жүрегі ұстап қалып, көп ұзамай көз жұмды.

Айта кетейік, бұл ойында Мысыр футболшылары есепте алда болған, алайда Сауд Арабиясы құрамасы есепті теңестіріп, матчтың соңғы минуттарында жеңісті жұлып әкетті.

Осылайша, мысырлық ойыншылар өз тобындағы үш матчта да жеңіліп, соңғы орын алған еді.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы