352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Роналду: «Ювентус» – әлемдегі ең үздік клубтардың бірі

  • 143
Роналду: «Ювентус» – әлемдегі ең үздік клубтардың бірі Lenta.ru

«Ювентус» жейдесін киген Криштиану Роналду Италияға келді. 33 жастағы ойыншыны туриндік клуб «Реалдан» 112 миллион еуроға сатып алған болатын.

Италия чемпиондары Роналдуға кеткен қаржының біразын қазірдің өзінде қайтарып алды. Себебі жетінші нөмірлі жейденің 520 мың данасы алғашқы күні сатылып кетті. Жалпы бір тәулікте түскен табыс 55 миллион еуроға жуықтайды. Роналду «Ювентуспен» төрт жылға келісімшартқа отырды. Португалиялық футболшы жаңа команда сапында алғашқы баспасөз мәслихатына қатысып, тілшілер сауалына жауап берді.

Криштиану Роналду, «Ювентус» ФК футболшысы:

– «Ювентус» – әлемдегі ең үздік клубтардың бірі. Менің достарым осы командаға ауысуыма кеңес берді. Клубтың бас бапкері мен басшылығы – өте білікті мамандар. Мен футболшы және адам ретінде өзгелерге жақсы қырымды көрсетуді мақсат етемін. Тынбай жаттығу жасап, жастарға көмектессем деймін. «Ювентустың» жеңісті күндері көп болатынына сенімдімін.

Хабар 24 телеарнасы