353.64 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Футболдан 2022 жылы өтетін әлем чемпионаты Қазақстанда көрсетіледі

  • 138
Футболдан 2022 жылы өтетін әлем чемпионаты Қазақстанда көрсетіледі

Футболдан 2022 жылы өтетін әлем чемпионатының ойындары Қазақстанда көрсетілетін болды.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының басқарма төрағасы Ерлан Қарин мәлімдеді. Оның айтуынша, трансляция құқығы жөнінде ФИФА-мен тиісті келісім жасалған. Сондай-ақ ол Ресейдегі доп додасының көрсетіліміне қатысты айтарлықтай кемшіліктердің болмағанын айтты.

Ерлан Қарин, «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы:

– Әрбір матчтың орташа аудиториясы шамамен жарты миллионға жуық көрерменді жинап отырды. Үнемі. Соның ішінде көрсетілімі жағынан ең жоғарғы көрсеткішке ие болғаны – Ресей - Хорватия ойыны. Лайв режимінде 339 455 адам тамашалады. Ал Ресей - Сауд Арабиясы ойынын бар-жоғы 16819 адам қараған болатын.

Хабар 24 телеарнасы