359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның ММА шеберлері Қытайдан бірінші орынмен оралды

  • 292
Қазақстанның ММА шеберлері Қытайдан бірінші орынмен оралды

ММА-дан V Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы топ жарды.

Қытайдың Харбин қаласында өткен байрақты бәсекеде спортшыларымыз он салмақ дәрежесінде сынға түсіп, тоғыз медальмен оралды. Олардың үшеуі алтын, бесеуі күміс және біреуі қола. Атап айтсақ, ерлер арасында Аслан Ораз бен Нұрнияз Қошбаевтың асығы алшысынан түсіп, алтыннан алқа тақты. Ал әйелдер арасында 52 келіге дейінге салмақта күш сынасқан Нұржамал Садықова қарсылас шақ келтірмеді. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан – бірінші, ал алаң қожайындары қытайлықтар екінші орынға тұрақтаса, айырқалпақты қырғыз ағайындар үшінші орынды қанағат тұтты. Енді ММА-ден еліміздің ұлттық құрамасы осы нәтижені әлем чемпионатында қайталауға ниетті.

Хабар 24 телеарнасы