352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпиондары анықталады

  • 127
Қарағандыда тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпиондары анықталады

Қарағанды қаласына еліміздегі ең үздік тоғызқұмалақ шеберлері жиналды.

Бұл өңірде кезекті ел чемпионаты болып жатыр. Биылғы жарысқа бірінші дəрежелі спортшылармен қатар еңбегі сіңген жəне халықаралық дəрежедегі спорт шеберлері де қатысып, доданың деңгейін айтарлықтай көтеріп тастады. Қатысушылардың жалпы саны 90 адамды құрайды. Чемпионат жеңімпаздары ел намысын халықаралық турнирде қорғайтын болады.

Айнұр Жақапбаева, тоғызқұмалақтан ұлттық құраманың бас бапкері:

- Бұл сайыс жеңіл болмайды. Өйткені бұл жарыста үздік деп танылғандар келесі жылы Түркияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады. Мұндағы спортшылар барынша өз шеберліктерін таныту қажет.

Хабар 24 телеарнасы