356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дамир Тойбай АҚШ-тан келген боксшыны 2 минутта есеңгіретіп жіберді

  • 154

Будапештте өтіп жатқан әлем чемпионатында отандасымыз Дамир Тойбай американдық боксшыны тізе бүктірді.

91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде рингке шыққан Дамир 1/8 финалда АҚШ-тан келген боксшы Дрейк Бэнкске жұдырықты жаудырды. Шабуылдан бұрышқа тығылған Бэнкс бастан бірнеше рет қатарынан соққы алып, уақыт 2-минутқа таяған кезде есеңгіреп қалды. Американдық боксшының шамасын байқаған төреші оның шайқасты жалғастыра алмайтынын жариялады. Сөйтіп, Дамир Бэнксті техникалық нокаутпен жеңді.

Отандасымыз келесі жекпе-жекті 27 тамызда венгр Коппани Фехермен өткізеді.

Sports.kz

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы