363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Инна Клинова – Азия ойындарының чемпионы

  • 112
Инна Клинова – Азия ойындарының чемпионы

Таң ертеңімен Қазақстан құрамасының қоржыны бағалы алтынмен толықты.

Байдаркамен 200 метрге жарысудан Инна Клинова Азиада чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық спортшының нәтижесі – 42.045. Ол қытайлық қарсыласынан 0.462  секундқа озып кетті. Қола жүлде жапониялық спортшының еншісінде.

«Мен жеңіске жетемін деген мақсат қойдым. Өйткені бұл – еліміз үшін маңызды дода. Сондықтан психологиялық тұрғыдан аздап қиындық туды. Барлығы осылай аяқталғанына ризамын. Енді төрт адамдық жарыста барымды саламын», – деді Клинова. 

Хабар 24 телеарнасы