359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сергей Токарницкий Азиаданың күміс жүлдесіне қол жеткізді

  • 81
Сергей Токарницкий Азиаданың күміс жүлдесіне қол жеткізді

Ескек есушілер Қазақстанға тағы бір жүлде сыйлады.

Байдаркамен 200 метрге жарысуда Сергей Токарницкий күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz

Сергейдің уақыт көрсеткіші – 35.745 секунд. Жеңімпаз атанған қытайлық спортшының нәтижесі – 35.373. Қола жүлде Сингапур өкіліне бұйырды. 

«Өкінішке қарай, күміс жүлде... Бірақ мұнымен мойымаймын. Алдағы Азия ойындарында немесе басқа да ірі жарыстарда алтын алуға тырысамын. Барлық Қазақстан халқына қолдау көрсеткені үшін алғысым шексіз», – деді Токарницкий.

Еске сала кетейік, әйелдер арасындағы сында Инна Клинова чемпион атанды. 

Хабар 24 телеарнасы