352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Азиада-2018: Мерей Медетов пен Тимур Хайдаров үздік үштіктен көрінді

  • 91
Азиада-2018: Мерей Медетов пен Тимур Хайдаров үздік үштіктен көрінді

Азия ойындарында Қазақстан қоржынына кезекті қола жүлде түсті, деп хабарлайды Olympic.kz

200 метрге каноэмен жарысудан Мерей Медетов пен Тимур Хайдаров жұбы мәреге үшінші болып келді. 

Қазақстандықтар Қытай мен Өзбекстан спортшыларына жол берді. Медетов пен Хайдаровтың уақыт көрсеткіші – 37.371.

Еске сала кетейік, бүгін жарыс жолына шыққан Инна Клинова алтын, Сергей Токарницкий күміс жүлдегер атанған болатын.

Хабар 24 телеарнасы