352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Футбол: Қазақстан-Англия матчына болгариялық мамандар төрелік етеді

  • 148
Футбол: Қазақстан-Англия матчына болгариялық мамандар төрелік етеді

4 қыркүйек күні футболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы өз алаңында Англиямен 2019 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турының қорытынды матчын өткізеді, деп хабарлайды sports.kz.

Бұл ойында болгариялық мамандар төрелік етеді. Бас төреші – Християна Гутева, көмекшілері – Екатерина Маринова мен Мирела Иванова. Резервтегі арбитр – қазақстандық Елена Алистратова. Матч инспекторы Ирина Мирт (Румыния). Ойын Павлодардағы «Центральный» стадионында өтеді.

Ақпарат көзі: Қазақпарат

Хабар 24 телеарнасы