352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің оқ атушылары Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Олимпиада іріктеуіне қатысуда

  • 162

Еліміздің мергендері 2020 жылы өтетін Олимпиада жолдамасы үшін сынға түсті.

Қазақстан құрамасы оңтүстіккореялық Чханвон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатына қатысуда. Бұл байрақты бәсекеде тоқсан бір мемлекеттен үш мың төрт жүзге жуық спортшы бақ сынап жатыр. Юрий Юрков, Владимир Исаченко, Рашид Юнусметов, Александра Малиновская және Елизавета Король есімді спортшылар үздік сегіздіктің қатарына кіре алмады. Осылайша оларға олимпиадаға жолдама алу бұйырмады. Үздік нәтиже көрсеткен – Юрий Юрков. Ол бір мың жүз жетпіс сегіз ұпай жинап, жеке рекордын жаңартты. Олимпиада ойындары жолдамасы үшін таласты жалғастыру үшін оған бір ұпай ғана жетпей қалды.

Юрий Юрков, оқ атудан ҚР құрама командасының мүшесі:

– Бір ғана ұпай жетпеді. Олимпиадаға қатысуға ниет болды. Дегенмен оныншы орынға ғана көтерілдім.

Анвар Юнусметов, оқ атудан ҚР құрама командасының бас бапкері:

– Келесі жылы 4 әлем кубогы өтеді, сонда олимпиадаға жолдама алу мүмкіндігі болады. Біріншілікке іріктеу келесі жылы қараша айында Катарда өтетін Азия чемпионатында аяқталады. Үш-төрт олимпиада лицензиясын алу жоспарда бар.

Хабар 24 телеарнасы