Әзербайжандық басылымда EXPO-2017 көрмесі жайлы репортаж шықты

Әзербайжанның «Мусават» атты беделді басылымында EXPO-2017 көрмесіне қатысты репортаж жарық көрді. Шартарап көз тіккен бұл шара Миланда өткен EXPO-мен салыстырылып, Қазақстанның өте тыңғылықты дайындалғаны жан-жақты жазылған.

Әсіресе көрмедегі темірдей тәртіп пен қауіпсіздік, еріктілердің жұмысы, тың технологиялар көптің көңілінен шыққаны баса айтылған. Автор көрмеге ағылған халықтың санында шек жоқ екендігіне ерекше тоқталған. Осы орайда шетелдіктер энергияға қатысты бастамаларға барынша мән беріп, пайдалы игіліктерді игеруге көңіл бөліп отырғаны да жазылған. Бұл ретте мемлекет күн мен жел және биологиялық ресурстарды негізге алған. Осының барлығын көзбен көру үшін көрмеге барған жөн деп атап өтілген басылымда. Автор қаланың қай бұрышынан көз тастасаң да, менмұңдалап тұрған Қазақстанның ұлттық павильонының шоқтығы биік екендігін ерекше сипаттаған.