Сарапшы пікірі: АЭФ алдыңғы қатарлы халықаралық форумға айналды

Елордада өткен Global Challenges Summit форумында халықаралық Астана қаржы орталығы таныстырылды.

Сарапшылардың айтуынша, аймақтық орталық үшін бұл өте маңызды оқиға. Яғни ол Қазақстанға инвестиция тарту, сондай-ақ елдегі экономикаға серпін беретін стратегиялық қадам болып отыр. Еуропалық және халықаралық зерттеулер орталығының еуразиялық сектор жетекшісі Юрий Кофнер Астана экономикалық форумы әлемдік сарапшылардың пікір алаңына айналды дейді.

Юрий Кофнер, Жоғары экономика мектебінің сарапшысы:

– Былтырғы Астана экономикалық форумы өңірлік Еуразиялық экономикалық деңгейден өте маңызды әрі ауқымды, алдыңғы қатарлы халықаралық форумға айналды. Бұл, әрине, алдымен Қазақстанның ұстанған саясатының арқасы. Сондай-ақ Президент Назарбаевтың бастамасындағы 2050 жылға қарай қазақ елін үздік мемлекеттер қатарына енгізуге жасалған үлкен қадам деп білемін.