Т.Бурбаев: Адами құндылықтарға ерекше назар аудару керек

Бүгінде адами капиталға ерекше мән берген жөн.

Оның ішінде отбасылық құндылық, білім мен ғылым саласы және еңбек мәселесі бар. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық кеңесінің дөңгелек үстелінде айтылды. Жиынға қатысқан философия ғылымдарының докторы, профессор Төлеуғали Бурбаевтың айтуынша, адами капитал жүйесі дұрыс құрылмаса, жаңғырту жолында жасалып жатқан қадамдар жеміс бермеуі мүмкін.

Төлеуғали Бурбаев, философия ғылымдарының докторы, профессор:

- Жаңғырту туралы біз көп айтамыз. Мен осы баяндамамда адами капиталды дамыту туралы өз ойымды айттым. Адами құндылықтар жүйесі дұрыс келтірілмесе, жақсы іс-қадам жасамасақ, жасалып жатқан қадамдарымыздың барлығы жай болып қалуы мүмкін. Сондықтан да адами құндылықтарға ерекше назар аудару керек. Оның ішінде отбасылық құндылықтар.