Дархан дала. Новоишим ауылы

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға 66 елді мекен, 17 ауылдық округ кіреді. Тұрғындар саны 42 мың адам. Аграрлық сала ауданның басты бағыттарының бірі. Бүгінгі шығарылымда бағдарламаның түсірілім тобы сіздерді ауданға қарасты Новоишим ауылымен таныстырады. Тіршілігі қайнаған ортада 25 жылдық мерейтойын атап өтетін аудандық қазақ орта мектебі мен балабақшалар, денешынықтыру-сауықтыру кешені, өндірісі қарқын алған май сығатын зауыт орналасқан. Тіпті онда ауылға көрік беретін ерекше екі саябақ та бар. Біріне Астанадағы сәулет өнерінің ерекше үлгілері орнатылса, енді біріне динозаврлар дәуіріне арналған мүсіндер қойылған.