Дархан дала. Семейдегі татар мешітінің құпиясы

Танымдық туризмде тарихи ғимараттар, көрікті орындар уақыт машинасындай әсер етеді. Міне, келесі нысан туралы баяндай отырып, тағы жүз жылға, 19-ғасырға артқа шегінеміз. Ол уақытта Семипалатинск қамалының тұрғындарының басым бөлігі қазақ, татар және орыс ұлтының өкілдері болған, олардың көпшілігі әскери іспен және саудамен айналысқан. Татар көпестерінің ықпалы зор болған. Олар қайырымдылықты көп жасап, мешіттер салған. Мысалы Абайды оқыту үшін татар молла Ғабитханды шақырғаны белгілі. Сол уақыттардан бері Семейдегі татар ауылында сәулеті ерекше мешіт бар.