Трансшекаралық өзендерге тәуелділіктен арылу мүмкін бе? | Экосана

Сыр елінде жылдан-жылға күріш алқаптары азайып келеді. Ал, оңтүстіктің мақтанышы ақ мақта биыл да аз егілді. Өйткені бұл өнімдер суды көп қажет етеді. Тіршілік нәрін үнемдеу үшін шаруалар егістік алқаптарын қысқартуға мәжбүр.

Бірақ күріш пен мақта алқаптарын азайтпаса тағы болмайды. Өйткені біз трансшекарлық өзендерге тәуелдіміз. Ағын суды сатып аламыз. Ол үшін қыруар қаражат жұмсаймыз. Бірақ соның өзінде суды толық көлемде бізге бермейді.

Қашан шаруалар суға жариды? Еліміз көрші мемлекетке жалтақтамас үшін қордаланған түйткілдің түйінін қалай тарқатпақ? Трансшекаралық өзендерге тәуелділіктен арылу мүмкін бе? «Экосана» бағдарламасының бүгінгі шығарылымында осы мәселені талқыламақ. 

 

«Экосана» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.