Тексердік! Жалған медициналық анықтама мен санитарлық кітапша жасату кәсібі

Деніңнің саулығын растайтын медициналық анықтама мен санитарлық кітапша алу бүгінде қиын емес. Бұл құжаттарды ғаламторда ашықтан ашық сатып жатыр. Тіпті жалған медициналық қағаздардың саудасы қызып тұрса керек. Бірақ ол ауыр салдарға әкелетінін пайдакүнемдер түсінбейді не түсінгісі келмейді. Біз осындай анықтама мен кітапшаның біреуін сатып алып, олардың жарамды-жарамсыздығын тексердік.