Төртінші тоқсанда мектеп оқушылары қалай оқиды?

Төртінші тоқсанда мектеп оқушылары қандай форматта білім алады?

Бұл туралы ҚР білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова ОКҚ-да өткен брифингте мәлімдеді.

«Жасыл» және «сары аймақтарда» орналасқан өңірлерде барлық сыныптың оқушылары аралас форматта оқиды, сыныпта балалар санын 25-тен асырмау қажет.

«Қызыл аймақтағы» өңірлерде:

– мектепалды даярлық, 1-5 сыныптардың (халықаралық мектептерде 1-7 сыныптардың) оқушылары аралас форматта оқиды, сыныпта балалар санын 25-тен асырмау қажет;

– 9, 11 (12) сыныптар үшін аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқиды, сыныптағы балалар санын 15-тен асырмау қажет.

Ал республиканың барлық өңірінде контингенті 300 оқушыға дейінгі мектептерде балалар дәстүрлі форматта оқиды, сыныпта балалар санын 25-тен асырмау қажет, сондай-ақ сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға болады.