Елбасы: Еліміз жаңа кезеңге аяқ басты

Бүгін Ассамблеяның XXIX сессиясында Нұрсұлтан Назарбаев төраға ретіндегі өкілеттікті Қасым-Жомарт Тоқаевқа өткізді.

Тұңғыш Президент ұйымның құрметті төрағасы болып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қорған Қонысбайұлы, тілші:

- Жалпы Конституциялық заңға сәйкес Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблеяны өмір бойы басқара алатын еді. Бірақ Елбасы төрағалықты Президентке өткізуді жөн санады. Ал, өзі «мен сіздермен барлық уақытта бірге боламын», деді.

Тұңғыш Президенттің бұл сөзін Қасым-Жомарт Тоқаев та қуаттады. Сөйтіп, Президент Елбасына «Ассамблеяның құрметті төрағасы» болып қалуды ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіз Тәуелсіздігімізді нығайтып, Қазақстанды дамыған елдер қатарына қосу үшін, ең алдымен, ауызбіршілік, татулық аса қажет екенін үнемі айтып келесіз. Сіз «Қазақстан жолы» тұжырымдамасын бүкіл әлемге паш еттіңіз. Қазіргі таңда мемлекетіміздің дара жолын дүние жүзі мойындайды және жоғары бағалайды. Жаһан жұртшылығы Сізді аса көрнекті реформатор және әлем деңгейіндегі саясаткер ретінде құрметтейді. Обращаюсь к Вам, многоуважаемый Елбасы Нурсултан Абишевич, с просьбой принять наше общее предложение стать Почетным Председателем Ассамблеи. Этот статус по праву принадлежит Вам в силу Ваших исторических заслуг перед нашим народом и государством. Уверен, все члены Ассамблеи поддержат данное предложение.

Президент айтты. Коронавирус қыспаққа алған күрделі кезеңде біз бәріміз бір ел, бір ұлт болып жұмылуымыз керек. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблеяның міндетін атап, ендігі бағытын айқындады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында Ассамблея халықтың талап-тілектерін орындауға бағытталған нақты жобаларды жүзеге асыруға айрықша мән беруі қажет. Баршамызға ортақ жұмыстың басты бағдары дәл осындай болуға тиіс.

Тәуелсіз ел құруда Елбасының рөлі айрықша. Қырғи қабақ, текетірессіз елді басқарып шықты. Елбасы әу бастан-ақ татулықтың басты құндылық екенін білді. Білді де, Ассамблеяны құрды. Сессияға қатысқандар да Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін жоғары бағалады. Сөйтіп, сәуірдің 28-ін тарихи күнге балады.

Жас кәсіпкер:

- Өте маңызды бір тарихи күнде өзіміз қатысып отырмыз. Бұл Ассамблеяны ең бастысы жастар түсінуіміз керек. Ол жастың ғана емес, еліміздегі әрбір азаматтың міндеті осы еліміздегі тұтастықты сақтау. Еліміздің осындай бірлігін сақтап қалған ағаларымыздың жұмысын біз жастар әрмен қарай жалғастырып, бұдан биік деңгейге жетеміз деп сенеміз.

***

Марат Әзілханов ҚХА Төрағасының орынбасары болды

Ал, Марат Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Ассамблеяның биылғы сессиясы ерекше мәнге ие. Себебі, егеменді ел болғанымызға 30 жыл. Сол 30 жылдан бері көпұлтты, көпконфессиялы мемлекетіміз татулықты ту етіп келеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Это позволило нам создать наиболее благоприятные условия для строительства государственности и обеспечило мощнейший ресурс для формирования облика современного Казахстана. Главным камертоном здесь служит преамбула Конституции страны, которая начинается словами – «Мы народ Казахстана, объединенный общей исторической судьбой.

***

30 жылда не өзгерді?

30 жылда не өзгерді? Тәуелсіздік жылдарында жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 13 есеге өсті. Кеңес үкіметі ыдыраған соң елімізде мың жарым кәсіпорын жұмысын тоқтатты. 2 миллион адам жұмыссыз қалды. Ал, қазір ше? Қазір жұмыссыздық 3 есеге қысқарды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Практически «с нуля» построена современная рыночная экономика, успешно проведены кардинальные реформы. Казахстан входит в число 50 наиболее развитых государств мира и группу стран с уровнем дохода выше среднего. Казахстан стал авторитетным и надежным членом глобальной семьи наций – наш флаг гордо реет в штаб-квартире ООН. Мы последовательно продвигаем свои национальные интересы и приоритеты на международной арене. Государственные границы Казахстана юридически закреплены и признаны всеми странами мира.

30 жылдың ішінде айдай әлемге танылдық. Жаһандық деңгейде еліміз көтерген бірқатар бастамалар нәтижелі жүзеге асты. Айталық, ядролық қарудан бас тартқанымызды көпшілік әлі күнге жоғары бағалайды. Тіпті үлгі етеді. Еуразиялық экономикалық одақ, Түркі кеңесі сынды интеграциялық жобаларға мұрындық болған да қазақ елі. Бұдан бөлек, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткіздік. Бүгінде Көк туымыз Біріккен Ұлттар Ұйымының Штаб пәтерінде алпауыт мемлекеттердің байрақтарымен бір қатарда желбіреп тұр. «Өзгелермен тереземіз теңесті» деген осы болар.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Многовекторная политика позволила зарекомендовать нас как миролюбивую нацию, нацеленную на сотрудничество и обеспечение мира. Независимость стала для нас временем справедливости. Казахский народ в результате самоопределения возродили свой национальный дух и великую историю. Мы восстановили и открыли миру бесценную сокровищницу культурного наследия Великой степи – она стала органичной частью достояния всего человечества. Все это представляет собой эпохальный акт огромной значимости. Еще одним свидетельством возможностей нашей страны стал город Туркестан, выстроенный за два с небольшим года.

***

Елбасы: Еліміз жаңа кезеңге аяқ басты

Еліміздің жаңа кезеңге аяқ басты. Қандай кезең? Жауапты кезең. Себебі көріп біліп отырсыз. Коронавирус әлемді қыспаққа алды. Жаһандық экономиканы дағдарыс жайлады. Мемлекеттер арасында текетірес өршіп тұр. Әлемде саяси ахуал тұрақты емес.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Эти и другие неблагоприятные обстоятельства не могут не оказывать своего негативного влияния на развитие нашего государства. Глубоко убежден, что в этих условиях Президент страны Касым-Жомарт Токаев продолжает проводить всесторонне просчитанную и выверенную политику, которую нам всем необходимо поддерживать. Она служит интересам всех казахстанцев и целям дальнейшего развития нашей нации.

***

Елбасы 5 қағидатты атады

Мемлекеттік саясат пен ұлттық тұтастықтың берік арқауы болуға тиіс бес қағидат бар. Әуелгісі қазақстандық патриотизм. Екіншісі азаматтардың құқықтарының теңдігі. Үшінші қағидат – мемлекеттік тіл. Қазақ тілі біріктіруші рөлге ие болуы тиіс. Төртінші қағидат – «Алуан түрліліктің бірлігі», бесінші қағидат – «Ұлттың үздіксіз жаңғыруы» деп аталады.

Елбасы: Еліміз жаңа кезеңге аяқ басты

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Ассамблее следует взять данные принципы за основу при определении стратегии дальнейшей работы. Также важно принять меры по повышению эффективности деятельности АНК в качестве действенного института общественного развития в новых условиях. Институтам Ассамблеи необходимо быть готовыми в любое время дать отпор любому вызову, который может нанести ущерб нашей модели межэтнического согласия.

Елбасы айтты. «Біз Қазақстан қоғамының сыртқы күштердің әсерінен шайқалуына жол бермеуіміз керек». Ал, ол үшін не қажет? Бірлік қажет. Татулық пен келісім – берік қамал һәм қорғанымыз.

Авторы: Қорған Қонысбайұлы, ПТРК