А.Цой Үкімет басшысына өтініш айтты

Елде той-томалақ әлі азаймай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Індеттің өршіп тұрғанына қарамастан мереке ұйымдастыратындардың қатары сиреген жоқ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деді. Сол себепті ол мониторингтік тексерісті күшейту қажеттігін айтты. Сосын Үкімет басшысына қауіпті аймақта орналасқан өңірлерде демалыс күндері қатаң локдаунды сақтай берейік деген өтініш айтты. Асқар Мамин министрдің өтінішін құп алды. Одан бөлек, ведомство басшысы еде эпидемиологиялық ахуал бірте-бірте тұрақталып келе жатқанын айтты. Соңғы 3 аптада вирус жұқтырғандар саны азая бастағаны байқалады.