Боксшы Сәкен Бибосынов - әлем чемпионы

Бокстан әлем чемпионатында 51 келі салмақ дәрежесінде Сәкен Бибосынов алтын медаль иеленді.

Финалда Сәкен америкалық Роско Хиллден басым түсті. Осылайша Бибосынов Қазақстан қоржынына екінші алтын медальді салды. Бұған дейін Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатында топ жарған. Бұдан бөлек Махмуд Сабырхан еншілеген күміс медаль бар.