Жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау мамырда басталады

«Отбасы банкі» жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялауға өтінімдерді бірегей платформада қабылдайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаржыландыру мамыр айында іске қосылады. Банктің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, бағдарлама 70 мың адамды қамтиды. Олар жалдау ақысының 50 процентін алады. Биыл бұл мақсатқа 50 млрд теңге қарастырылған. Өтінім беру үшін otbasybank.kz порталындағы «Жалға алу ақысын субсидиялау» бөлімінде жасалады. Мемлекеттік қолдауға 1- 2 топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар мен көп балалы отбасылар қатыса алады. Бастысы өтініш беруші Отбасы банкінің клиенті болуы тиіс.