Жүз колледждің техникалық базасы жаңартылады

Биыл елде 100 колледжің техникалық базасы заман талабына сай құралдармен жабдықталады. Яғни студенттер ешкім қолданбайтын, ескі техниканы емес, жаңа технологияларды меңгеруге мүмкіндік алады. Осылайша жергілікті кәсіпорындардың дайын маманға деген сұранысын толық қамтиды.

Қазір технологияның заманы. Көштен қалмау үшін үнемі бәсекелестікке бейімделіп отыруға мәжбүрсің. Кәсіпорындар солай жасайды да. Табысын арттырып, тауарын өткізу үшін жабдығын жиі жаңартады. Сосын сол жабдықпен жұмыс істейтін маман таба алмай шарқ ұрады. Алдағы жылдары мәселе оң шешімін табуы тиіс. Өйткені елде 180 колледжге мемлекет есебінен модернизация жүргізіледі. Былтыр 80-іне жаңа құралдар әкелінді. Биыл жүзі жаңарады. Қажетті құралдарды таңдауда жұмыс берушінің пікірі ескеріледі.

Қажымұқан Оспанғалиев, үйлестіруші мекеменің вице-президенті:

- Құрал жабдықтарды жұмыс берушімен талқылаған кезде жай ғана мына құралды алайық немесе мына құралды алайық, деген көзқарас болған жоқ. Бұл жердегі негізгі бағыт былай болды. Әрбір құралды алған кезде немесе техниканы алған кезде ол қандай машық балаға береді. Яғни бала сол құралмен жұмыс істегеннен кейін қандай өзіне қажетті машықтарын алып шыға алады. Осындай көзқараспен қарастырылды.

«Жас маман» жобасы аясында былтыр елордада төрт колледждің техникалық базасы жаңарды. Соның бірі автокөлік жөндейтін мамандар даярлайды. Қажетті құралды алмас бұрын колледж басшылығы жергілікті автоорталықтармен кеңесіп, сұранысқа ие аппараттарды таңдаған. 

Асхат Төкенов, «Astana Polytechnic» жоғары колледжінің студенті:

- Бұл қоректендіру жүйесі ВАЗ автокөлігінің шанақтарынан құралған. Ең бірінші кілтті ашып, оборотын қосып оталдырамыз. Мынау оталып тұрған кезде қоректендіру жүйесіндегі толғанын санағын көрсетеді. Бұл қызған күйінде және суыған күйінде көрсетуге болады. Ал мында тұрған блок управлениенің қателіктері. Егер де осыны қосқан кезде өзінің қателіктері шығады. 

Еркежан Ғалымқызы, «Astana Polytechnic» жоғары колледжінің оқытушысы:

- Әрбір стендте 17-15 зертханалық жұмысты орындағуа мүмкіндігіміз бар. Сонымен қатар екінші курста автолік құрылғысы бойынша шашып жинау тәжірибесі бар. Алдарыңызда көріп тұрсыздар екі түрлі двигатель. Дизельді двигатель және бензинді двигатель.

Бұл оқу орнының студенттерінде мүмкіндік бар әрине. Бірақ елде 800-дей колледж жұмыс істейтінін ескерсек, 180 деген оның жартысына да жуықтамайды. Осы тұста мемлекет тарапынан модернизацияланатын колледждер қалай таңдалғаны туралы сұрақ көп. Мамандар іріктеу үкімет бекіткен ереже бойынша конкурстыҚ түрде өткенін айтады

Қажымұқан Оспанғалиев, үйлестіруші мекеменің вице-президенті:

- Жергілікті жерлерде жұмыс органы болып білім басқармалары тағайындалған болатын. Олар колледждерден өтініштерді жинады қатысқысы келетін. Ол колледждердің өтініштері жиналғаннан кейін бұның барлығы жергілікті өңірлік комиссиялар құрылды. Ол комиссияның құрамы негізінен мемлекеттік органдары болды. Сонымен қоса 50 проценттен астамы өңірлік кәсіпкерлер палатасы және жұмыс берушілер өкілдері болып құрылды. Комиссия негізгі қағидаттарға қарай отырып лайықты деген колледждерді осы операторға ұсынды.

Колледжді жабдықтау арнаулы оқу орындарының арасында бәсекелестікті арттырады деген үміт бар. Өйткені сенімгерлік басқаруға берілген оқу орындарының басшысы да қатардан қалғысы келмейді. Жергілікті әкімдіктер де кәсіптік колледжі модернизацилау арқылы өңірге қажетті маман даярлауға мүдделі болады. 

Авторлар: Талғатбек Әбді-қожа, Жандос Сұлтанғазы