ҰБТ-2021: телефонды аяқ киіміне жасырған талапкер ұсталды

Ұлттық бірыңғай тестілеуге мектеп түлегі аяқ киім ішінде ұялы телефон өткізбек болған.

Бұл туралы ұлттық тестілеу орталығының бұрыңғы басшысы Дидар Смағұлов өз фэйсбук парақшасында жазды. Айтуынша, баланың бойы кішкентай болса да, аяғына 45-ші өлшемдегі аяқ киім киіп келген. Осы әрекетінен полицейлер күдіктенген.