Елордада 403 түлек «Алтын белгі» алды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов «Алтын белгі» алған мектеп түлектерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл астанада 403 оқушы мектепті «Алтын белгіге» аяқтады. Одан бөлек, 367 түлек – үздік аттестат иегері. 2020-2021 оқу жылында елордалық оқушылар республикалық, халықаралық олимпиадалар мен байқауларда 1400 медаль жеңіп алды. Елорданың құрама командасы осымен 14-інші жыл қатарынан жалпы командалық есепте 1-орынды және «Үздік олимпиадалық команда» атағын алып отыр.