Алматыда Жедел басқару орталығына қала мектептері түгел қосылмаған

Балалардың қауіпсіздігі үшін Алматыдағы 207 мектепке төрт жарым мыңға жуық бейнебақылау камерасы орнатылды. Олардың 2620-сы қалалық Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған. Яғни оқу орнында оқыс жағдай бола қалса дабыл түймелерін басу арқылы арнайы құтқару тобын шақыруға болады. 

Көршілес Ресей мектептерінде болған ауыр жағдайлар жұртты алаңдатқаны анық. Осыған байланысты жаңа оқу жылынан бастап елімізде мектеп оқушыларының қауіпсіздігін күшейту мақсатында көптеген іс-шаралар қолға алынды. Солардың бірі бейнебақылау. Білім ошақтарындағы камералар тәулік бойы істеп тұрады.

Жандос Айтбайұлы, тілші: 

- Алматыдағы қала мектептерінде қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында меткептің әр бұрышында осындай дабыл нүктелері орнатылған екен. Яғни осыны басу арқылы мектепте қандай да бір оқыс жағдай орын ала қалған жағдайда байланысқа шығып, көмек шақыруға болады дейді. Қазір көрейік.

- Саламатсыз ба, департамент полиции. 

- Саламатсыз ба! Біз №25 Ілияс Есеннберлин атындағы гимназияда тұрмыз. Осында бір оқыс жағдай бола қалған кезде қаншалықты осы дабыл нүктелері жұмыс істейтінін тексеру мақсатында келіп отырмыз. Сіздер қазір осында арнайы топты жібере аласыздар ма? 

- Сіздің адресіңіз қандай? 

- Адресіміз №25 мектеп-гимназия Ілияс Есенберлин атындағы. 

- Сізде бірнәрсе болды ма? 

- Бізге ештеңе болған жоқ. Осы дабыл нүктелерінің қаншалықты жұмыс істейтінін, қаншалықты тиімді екенін тексеру мақсатында басып отырмыз. 

- Тексерсеңіз болады онда. 

- Қанша минутта болады? 

- Дереу болады.

- Жақсы, рахмет

- Міне дабыл нүктесін бастық қазір құтқару қызметінің мамандары тәртіп сақшылары келеді дейді. Күтейік онда. 

Құрамында 3 адам бар патрульдік полиция экипажы біз хабарласқаннан кейін 5 минутта жетті.  

Құралай Байділдаева, қалалық ювеналды полиция бөлімшесінің басшысы: 

- Бізде қазір дабыл кнопкасы басылғаннан кейін біз жедел түрде осында келіп отырмыз. Мән-жағдайды біліп жалпы мектептің жағдайын білуге келіп отырмыз. 

Сондай-ақ осы оқу жылынан бастап қаладағы білім беру орындарының кіреберістеріне заманауи үлгідегі турникеттер қойыла бастады. 

Азат Абулғали, №95 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: 

- Бізде биылдан бастап өткізу режимі орнатылған. Ол турникет. Сол турниркет арқылы біздің оқушылар, мұғалімдер, техперсонал тек ғана сол жүйе арқылы өтеді. Бөтен адам одан кіре алмайды. Себебі олар біздің базада енгізілмеген. Егер сырттан келіп қонақ ретінде келген адам вахта арқылы немесе кітапқа жазылып кіре алады. 

Әзірше Жедел басқару орталығына қала мектептері түгел қосылмаған.

«Алдағы уақытта барлық 207 мектептегі бейнебақылау камераларын қамтуды жоспарлап отырмыз», - дейді қалалық полиция департаментінің мамандары. 

Жандос Айтбайұлы, Кенже Амраев, Нұрдәулет Жақсыбаев