Елімізде 30 жылдық тәжірбиесі бар мұғалімдер біліктілік тестілеуден босатылады

Олар аттестацияның екінші кезеңінен өтеді, яғни портфолио тапсырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар аттестацияның екінші кезеңінен өтеді, яғни портфолио тапсырады. Мұны ҚР оқу-ағарту министрлігі ұсынды. Сондай-ақ зейнетке шығуына 4 жыл қалған ұстаздар да тестілеуден өтпейді. Егер педагогтар біліктілік санатын арттырғысы келсе, онда аттестация жалпы негізде өтеді. Сонымен қатар тестілеуден өту тәртібін бұзған және өз жетістіктері туралы жалған ақпарат көрсеткен тұлғаларға 5 жылға дейін аттестациядан өтуге тыйым салынады.

Бұдан бөлек, педагогикалық қызметке алғаш рет кіріскендер «педагог-тағылымгер» уақытша біліктілігін алып, бір жылға жұмысқа қабылданады.

Сондай-ақ...