Демалыс күндері елімізде күн райы жылы болады

Қазақстан бойынша 2021 жылғы 16-18 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Қазгидромет мәліметінше, 16-17 қаңтарда республиканың батысы мен солтүстігінде Жерорта теңізі циклонының ықпалымен ауа райы тұрақсыз болады – кей жерлерде жауын-шашын: батыста қар мен жаңбыр түрінде, солтүстікте – қар, сондай-ақ кей жерлерде жаяу бұрқасынмен желдің күшеюі және ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. Батыста кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі.