Үшарал-Достық бағытындағы жол учаскесінде қатынас толығымен тоқтады

Үшарал-Достық бағытындағы жол учаскесінде көлік қатынасы толығымен тоқтады. Қазіргі таңда 9 жүк көлігі жолда қаңтарылып тұр.

Ал жүргізушілері ауа райы жақсарғанға дейін Достық станциясына жеткізілген. Қаңтардың 15-і күні басталған боранның салдарынан республикалық маңызы бар тас жолының Көктұма-Достық ауылдарын байланыстыратын бөлігі жабылған еді. 84 - 184 шақырымының аралығы қазір қардан тазаланып жатыр. Жалпы жыл басынан бері ауа райының бұзылуына байланысты Үшарал-Достық бағытындағы тас жолы 12 рет жабылған.

Сондай-ақ...