6 ақпанда елімізде ауа райы құбылмалы болады

Бүгін, яғни 6 ақпанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады деп хабарланды.

Оңтүстіктен жел соғады, күші түнде кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін, кебір мекендерде жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін екені айтылды.

Нұр-Сұлтан қаласында да көктайғақ, оңтүстіктен жел тұрады деп болжанды. Ауа температурасы да біршама төмендеуі мүмкін. Ертең Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын болуы ықтимал.