Тұман, жаяу бұрқасын: өңірлерде дауылды ескерту жарияланды

Қазгидромет бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланғанын хабарлады.

25 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қ.: 25 ақпанда жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

25 ақпанда Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды қ.: 25 ақпанда жел батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

25 ақпанда түнде және таңертең Қызылорда облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. 25 ақпанда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Қызылорда қ.: 25 ақпанда түнде бұрқасын күтіледі. 25 ақпанда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.