Елордада 16 мамырда қоғамдық көлік жүрмейді

Елордада жексенбі күні, яғни 16 мамырда Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады.

«Дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: көліктік карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы», - делінген CTS хабарламасында.