Синоптиктер Алматыдағы ауа райы туралы ескерту жасады

Алматыда дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер бүгін мегаполисте найзағай ойнап, нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады деп болжап отыр. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін барады.

«Сол себепті дүлей дауыл, біршама залал келтіруі мүмкін» дейді метеорологтар. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті алматылықтарға үйдiң терезесiн мықтап жауып, себепсіз сыртқа шықпауға, автокөлiктердi ағаштардың маңайына қоймауға, электр желiлерi мен мықтап бекiтiлмеген конструкцияларға жақын бармауға кеңес береді. Сонымен бірге дауылды ескерту жарияланған аймақтардың ішінде Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау, Жамбыл облыстары да бар.