ШҚО-да күн суытып, қар жаууы мүмкін – «Қазгидромет»

ШҚО-да 4-5 маусым күндері дауылды ескерту жарияланды.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

«4 маусым күні облыстың кей аймақтарында найзағай соғып, дауыл тұруы және бұршақ жаууы мүмкін. Ал 5 маусым күні түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы ықтимал. Сонда-ақ желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді», - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ 5 маусым күні күндіз ауа температурасы 10-18 градусқа дейін күрт төмендеп, түнде -2 гарадусқа дейін суытады деп күтілуде.

 

Сондай-ақ...