Елордада 20 шілдеде қоғамдық көліктер жүреді

Елордада алдағы мереке күні, 20 шілдеде қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар жүреді.

Бұл туралы City Transportation Systems баспасөз қызметі хабарлады.

«Бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: көліктік карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы», - делінген.