Жанартаулардың атқылауы жер бетіне не үшін керек?

Жанартаулар - айналасындағы тіршілік иелерін жоя алатын отты магмалы үлкен таулар. Біз оларды тек қауіптілігімен білеміз, алайда жанартаулардың жер бетіне пайдасы да аз емес.

1. Судың химиялық құрамын өзгертеді

Су астындағы жанартаулар теңіздерге минералды заттар шығарады, олар суда өмір сүретін жануарлар мен өсімдіктерге қажет.

2. Олар топырақты құнарлы етеді және жер бетін салқындатады.

Жанартау атқылап, лава мен күл шығарады. Шаңды бұлттар Жерді салқындатады, ал вулкандық күлдің құрамындағы минералдар өсімдіктерге қажет және топырақпен араласып, оны құнарлы етеді.

3. Жер атмосферасын қалыптастырады.

Егер жанартау болмаса, Жерде атмосфера мүлдем болмайтын еді. Өйткені ауадағы барлық газ, оттегіні қоспағанда, жанартау тектес. Оның атқылауы кезінде ауаны құрайтын азот, аргон, гелий, көмірқышқыл газы бөлінеді.

4. Аралдар түзеді.

Жанартаудың атқылауынан аралдар пайда болып, материктердің ауданы ұлғаяды.

Еске сала кетейік, бүгін Гватемалада «Фуэго» жанартауы атқылап жатқаны туралы жазғанбыз. Сондай-ақ қауіпті Кумбре-Вьеха жанартауы екінші рет атқылады. Ал Ла-Пальма аралында жанартаудың атқылауынан 100-ге жуық үй жанып кетті.

Ақпарат көзі: sntch.com 

Сондай-ақ...