Кофені көп ішіп қойсаңыз...

Кофеин – ең көп қолданылатын психоактивті үдеткіш. Ол кофеде, шайда, лимонадтарда және энергетикалық сусындарда кездеседі. Біз оны күн сайын кездестіреміз, бірақ көбінесе кофеиннің денсаулыққа қауіпті екенін ұмытып кетеміз. Кейбір елдер тіпті ұнтақталған кофеинді сатуға тыйым салады.

Ересек адамға бір мезгілде 100-200 мг кофеинді тұтыну ұсынылады. Күнделікті норма үшін кофенің оңтайлы көлемі – 400 мг кофеин немесе тәулігіне 3-5 кесе сусын. Егер сіз көп ішсеңіз, онда кофеиннің артық дозалануы пайда болады. Мұндай артық дозаланудың белгілері – ұйқысыздық, эмоционалдық шиеленіс, мазасыздық және ашушаңдық, құсу, кейде эпилептиформалық ұстамалар.

Ақпарат көзі: sntch.com