Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

11 қарашада күндіз Қызылорда облысының солтүстік-батысында жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстік және таулы аудандарында тұман күтіледі.

Ақмола облысының солтүстік-батысында, шығысында көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында, күндіз солтүстік-батысында 15-20 м/с күшейеді.

Көкшетау қ.: 11 қарашада көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, түнде облыстың шығысында көктайғақ күтіледі. Жел солтүстіктен оңтүстік-батысқа ауысып соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Орал қ.: 11 қараша түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысында түнде облыстың оңтүстік-батысында және орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде және шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе қ.: 11 қарашада көктайғақ күтіледі.