Өмір сүру ұзақтығын арттыратын шөптер мен дәмдеуіштер аталды

Кейбір дәмдеуіштер тағамның дәмін келтіріп қана қоймай, өте пайдалы қасиеттерге ие. Мысалы, қатерлі ісік пен қант диабеті қаупін азайтады.

Осындай дәмдеуіштердің бірі - куркума. Зерттеушілер оның қатерлі ісіктің дамуын бәсеңдететінін анықтады.

Бір ай ішінде ғалымдар тоқ ішек жасушалары зақымданған науқастарды бақылаған. Алайда күн сайын 4 г куркума пайдаланған науқастарда қатерлі ісікке дейінгі жасушалардың саны 40% азайған.

Тағы бір өте пайдалы дәмдеуіш – даршын. Бұл диабетпен ауыратындардың қандағы қант деңгейін төмендетеді, қабынумен күреседі және рак клеткаларының таралуын баяулатады.

Ал соңғы зерттеулер шалфейдің есте сақтау қабілеті мен мидың жұмысын жақсартатынын анықтады. (әсіресе Альцгеймер науқастарында). Сондықтан мұндай дәмдеуіштерді тағамға қосып отырыңыз. Сіз тек дәмді ғана емес, сонымен қатар пайдалы тағамды жейсіз.

Ақпарат көзі: wi-fi.ru