Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады.

2022 жылдың 10-12 наурыз аралығында Түркістан және Жамбыл облыстарындағы өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

10 наурызда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Шығысында, солтүстік-шығысында жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында екпіні – 15-20 м/с.

Орал қ.: 09 наурыз түнде және таңертең тұман, күндіз көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде және орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда қ.: 10 наурызда кей уақытта тұман күтіледі.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз оңтүстік-батыста, орталықта желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыс, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында 15-20 м/с.

10-12 наурыз аралығында Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с, 12 наурызда кей уақытта 23-28 м/с күтіледі.

Тараз қ.: түнде және таңетең 10-12 наурызда тұман күтіледі. Күндіз 11 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түнде және таңертең 10 наурызда Маңғыстау облысының батысында тұман күтіледі. Шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде және солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.