Қазақстанда күн райы күрт құбылады

Кейбір өңірде аптап ыстық алқымнан алса, енді бір жерде нөсер жауын құяды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Қазгидромет» орталығының мамандары тоғыз бірдей облыста жауын-шашын болады деп сендіріп отыр. Елдің батысы мен солтүстікте қатты жел тұрып, найзағай ойнайды. Тіпті тұман басуы мүмкін.

Ал Шығыс-Қазақстан, Қызылорда және Павлодар облыстарында күн ысиды. Оңтүстікте сынап бағасы 38 градусқа дейін көтеріледі деген болжам бар. Елордада күн бұлтты, 24 градус жылы болады. 

Сондай-ақ...