Күн райы тағы бұзылады
Еліміздің бірқатар аймағында күн райы бұзылады. Тұман торлап, қатты жел соғады.
Ал таулы аймақтарда қар аралас жауын-шашын болады. Қазгидромет мамандарының болжамы осындай.
Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде жаңбырлы болады.
Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында да қатты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.
Тек еліміздің батысында, оңтүстік-батысында ауа-райы жауын-шашынсыз болады.
Алина Исмағұлова, "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы:
- Астана қаласында көшпелі бұлтты, түнде тұман түседі. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 7-9 градус жылы. Еліміздің солтүстік-батысында және солтүстігінде түнде қар аралас жауын-шашын болады. Кей аймақтарда қатты жел тұрып, тұман түседі. Елдің солтүстігінде көктайғақ, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін сәуір айына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатынбыз.