Бүгін – Дүниежүзілік тазалық күні. Бұл дата табиғатқа қамқорлық таныту, қаланы абаттандыру және тазалық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын еске салады.
Өскемен қоқыс құрсауында қалуы мүмкін. Өйткені қаладағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны толып, жақын орналасқан елді мекендерге қауіп төндіріп отыр, деп хабарлайды 24kz.
Каспий Аралдың тағдырын қайталауы әбден мүмкін. Ақтаулық экологтар теңізге құятын ылғалдың мөлшері соңғы жылдары тым төмендеп кеткенін айтып, дабыл қағуда, деп хабарлайды 24kz.