Банктер несие беру талаптарын күшейтті

Елде банк алдындағы берешегін төлеуді кешіктіретіндер көбейіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай тенденция кейінгі үш айда белең алды. Бірінші несие бюросының мәліметіне қарағанда наурыздың басында уақытылы қайтарылмаған қарыздың жалпы сомасы бір триллион теңгеден асқан. Бұл 2021 жылдың көктемінен бергі максималды көрсеткіш. Қарызды қайтармай жүргендердің басым бөлігі – Халық банк пен Каспий банктің клиенттері. Қайтарылмаған қарыздың 40 проценті осы екі банктің үлесінде. Қазір қаржы ұйымдары несие беру талаптарын күшейте бастаған. Салдарынан несие тарихы жақсы азаматтардың өзіне бөліп төлеуге қарыз бермей жатқан көрінеді. FINANCE.kz басылымының мәліметіне қарағанда қаңтардан бері елде кепілсіз несие беру көрсеткіші 0,6 процентке азайды. Қарыз алушылардың азаюы 2018 жылдан бері алғаш рет тіркелді.

ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНА ИНВЕСТИЦИЯ АЗАЙДЫ

Елдің экология саласына салынған инвестиция көлемі жыл өткен сайын азайып барады.

Мәселен, биыл қоршаған ортаны қорғауға 6,2 миллиард теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 процентке аз. 2021 жылы экологияны жақсартуға 8,9 миллиард теңгедей бөлінген. Соның өзі 2020 мен салыстырғанда 65 процентке аз болды. Өңірлер бойынша айтатын болсақ, қоршаған ортаны қорғауға салынған инвестицияның 77 проценті үш облыстың үлесінде. Мәселен, Түркістан облысы 2,3 миллиард, Қарағанды 1,9 миллиард жұмсаған.

Үштікті Павлодар облысы түйіндейді. Бір жылда экология саласына 608 миллион бағыттады.

Айта кетейік, елде экологиялық мәселе аз емес. Әсіресе қоқыс өңдеу саласында қордаланып қалған. Соның бірі Өскемендегі сұрыптау зауыты. Былтыр қыркүйекте іске қосылуға тиіс еді. Алайда әлі күнге дейін жұмысын бастаған жоқ.

МАЛҒА 23 ТҮРЛІ ДӘРІ ТЕГІН ЕГІЛЕДі

Ветеринарлық препараттарды уақытлы жеткізу үшін біріңдай дистрибьютер құру қажет. Ауыл шапруашылық министрі Ербол Қарашөкеев осындай бастама көтерді. Оның айтуынша, қазір жануарларға тән жұқпалы ауруларды емдейтін 23 түрлі дәріні сатып алуға республикалық бюджеттен қаржы бөлінеді. Сатып алу ісімен ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті айналысады. Ал жеткізу жергілікті атқарушы органдардың құзырында. Яғни бұл шаруа мал дәрігерлеріне қосымша жүктеме болып отыр. Мәселен, былтыр 136 миллион доза вакцина сатып алынды. Оны жүзеге асыру үшін мемлекеттік сатып алу жүйесінде 6 мыңнан астам конкурс жүргізілді. Нәтижесінде қажетті препаратты 13 отандық 7 шет елдік компаниялар жеткізіп берді. Десе де сақтау кезінде салғырттық көп. Ведомства басшысының айтуынша біріңғай дестрюбютермен жұмыс істеу қажетті дәрі дірмектің уақыты жеткізіліп, сақталуына және отандық өнімді қолдауға мүмкіндік береді.

Ербол Қарашөкеев, ҚР ауыл шаруашылығы министрі:

- СК-Фармация-ның тәжірибесіне сүйенейік. Отандық өндірушілермен тікелей келісім жасасу арқылы жергілікті өнеркәсіпті қолдап отыр. Тұрақты тұтынушы болғаннан кейін бұл сала инвесторлардың да қызығушылығын тудырары сөзсіз. Бізге осындай дестрюбитер болса комитет жүргізетін мемлекеттік сатып алулардың барлығын беруге дайынбыз.

ДӘРІ-ДӘРМЕК ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКІН

Елде дәрі-дәрмек қымбаттауы мүмкін. Егер баға көтерілмесе дәріхана сөрелерінде медициналық препараттардың тапшылығы туындауы ғажап емес. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері осындай пікірде. Себебі әлемдегі инфляцияға байланысты шикізат 15 проценттей қымбаттады. Тасымал құны да екі есе артқан. Сәйкесінше өнімнің өзіндік құны жоғарылады. Десе де Қазақстанда дәрілік заттардың барлық түріне мемлекет тарапынан шекті баға енгізілген. Одан асыруға тыйым салынады. Бұл кәсіпкерлерді тығырыққа тіреп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін елдің денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттарды экспорттауға тыйым салатын бұйрық жобасын әзірлеп, қоғамдық талқылауға ұсынған болатын. Мәліметке қарағанда отандық фарм компаниялар Ресей, Өзбекстан және өзге де ТМД елдеріне дәрі-дәрмек экспорттайды.

Нәзгүл Әбдрахманова, «Атамекен» ҰКП медициналық қызметтер департаментінің директоры:

- Шекті бағаны өзгерту өте өзекті. Бұл мәселені Үкімет жанындағы жедел штабтың отырысында да, Денсаулық сақтау министрлігімен кездесуде де көтеріп жатырмыз. Мемлекеттік органдар біздің бастаманың маңыздылығын түсініп, құптап отыр. Егер баға қайта көтермесе кейбір дәрілерді әкелу тиімсіз болып қалады.

БІР ЖЫЛДА АЗЫҚ-ТҮЛІК 15,4% ҚЫМБАТТАДЫ

Наурызда елдегі инфляция 3,7 процент болды. Жылдық мәнде 12 процент. Ал тек азық-түлікті салыстыратын болсақ, былтыр наурыздағы бағадан 15 жарым процентке қымбаттаған. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарағанда қант бір жылда 51,5 процентке, көкөніс 44, күнбағыс майы 23,8. жарма 22 макарон өнімдері 17 процентке қымбаттаған. Ас атасы нан пісіретін бидай ұны 15 процентке өскен. жеміс-жидек, нан, және кондитерлік өнімдер бір жылда 11,3 процентке көтерілді. Етке келсек, құс еті 25, қой еті 17 жылқы еті 15 процентке өскен.