Сыртқы саудада оң баланс қамтамасыз етілді – Р.Дәленов

Үкімет елдің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылады, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

«2020 жылғы 11 айда сыртқы сауда айналымы 77,7 млрд долларды, оның ішінде экспорт 43,4 млрд долларды құрады. Әлемнің 117 еліне Қазақстан тауарларының 3 183 дайын, өңделген түрлері (СЭҚТН 6 түрі бойынша) экспортталды. Импорт 34,4 млрд долларды құрады. Осылайша, 9 млрд доллар деңгейінде оң сауда балансы қамтамасыз етілді», - деді ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында.

2020 жылы өңдеу өнеркәсібі озық өсімді көрсетті. Өңдеудің өсу қарқыны 3,9% дейін жеделдеді. Бұл ретте ОПЕК+ келісімінің шеңберінде мұнай өндірісінің қысқаруы салдарынан кен өндіру өнеркәсібі 3,7% төмендеді.

Дәленовтің айтуынша, нәтижесінде жалпы өнеркәсіптің нақты көлем индексі 99,3% құрады.