Үкімет отырысы: Экономиканың базалық салаларында өсім бар

Биылғы жылдың алғашқы айында экономиканың базалық салаларының көрсеткіштері жақсара бастаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дегенмен карантиндік шаралар қызмет көрсету және көлік саласына кері әсерін тигізді. Өңдеу өнеркәсібіндегі орнықты өсу 3 процент болды. Машина жасау, химия өнеркәсібі, фармацевтика, құрылыс пен ауыл шаруашылығы салаларында едәуір өсім бар. Мұнай секторының нақты көлем индексі 12,3 процентке төмендеген. Тау-кен өндірісінде де бәсеңдеу бар. Үкімет отырысында премьер-министрі Асқар Мамин өңір басшыларына нақты тапсырмалар беріп, жұмысты жандандыру қажеттігін айтты. Және Nur Otan партиясының жол картасындағы міндеттерді уақытылы іске асыруды тапсырды. Бұл орайда арнайы штаб құрылып, ай сайын отырыс өткізеді.