OPEC+ мұнай өндіру көлемін өзгеріссіз қалдырды

ОПЕК+ мүшелері жаңа кездесуі өткізді. Ковид-19-ға байланысты бұл жолғы жүздесу де онлайн ұйымдастырылды. Кездесу нәтижесінде әлем бойынша мұнай өндіру көлемі ұлғайтылған жоқ.

Көптеген сарапшылар осы басқосуда қара алтын өндірісі жанданады деп үміттенген болатын. Бірақ коронавирустың өршуінен әлі алынбаған шектеулер мұнай көлемін арттыруға әлі де кесірін тигізе бермек. Алыс-беріс шектелген қысылтаяң кезде қара алтын шығаруды кеңейту үлкен шығынға әкелуі мүмкін. Әлемдегі ең ірі өндіруші Сауд Арабиясы сәуір бойы күніне 1 миллион баррель өндіру жоспарын сақтамақ. Сондай-ақ «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, ОПЕК-ке мүше емес Ресей мен Қазақстанның өндіріс көлемін сәл арттыруына мүмкіндік бар. Негізі жыл басынан бері мұнай бағасы 30 процентке қымбаттады. ОПЕК кездесуінен жақсы жаңалық күткен қор биржалары қара алтын бағасын 5 процентке өсіріп, бір баррель 64 долларға көтерілді.

Абдулазиз бин Салман, Сауд Арабиясының энергетика министрі:

- Мені баға еш алаңдатпайды. Мен үшін ең маңыздысы мұнай өндіру көлеміне қатысты жоспардың қатаң сақталуы, яғни тәртіп болуы керек. Тек сонда ғана біз әлемдік нарықтағы қара алтын қорын қалыпқа келтіре аламыз. Әр ай сайын осылай жиналып, ақылдасып отырамыз.

Сондай-ақ...