ЕАЭО тауарларының 15%-і техникалық реттелмеген

Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының 15%-і техникалық тұрғыда реттелмеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл негізінен зергерлік бұйымдар мен тұрмыстық керек-жарақтар. Сауда және интеграция министрлігі бүгін Мәжілісте жаңа заң жобасын таныстырды. Атап айтқанда, зергерлік және тұрмыстық жабдықтар біркелкі реестрге енгізіледі. Сол арқылы одақ аумағында еркін айналымға түседі. Техникалық талаптары айқындалады. Бұл заң таңбалау мәселесін де реттейді. Қазір ұйым елдерінде шығарылатын тауарлардың 85%-і бірыңғай техникалық регламентке ие.